Ұлытау облысында жас педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыруға және білім беру саласындағы озық тәжірибелерді таратуға бағытталған «STEM. AI. Innovation» жас ұстаздар коннекті өтті. Іс-шараға өңірдің 170 педагогі қатысты, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.
Кәсіби кездесуді Ұлытау облысының әдістемелік орталығы мен Педагогикалық шеберлік орталығының Қарағанды қаласындағы филиалы бірлесіп ұйымдастырды. Жиынның негізгі мақсаты – жас мұғалімдердің кәсіби дамуына қолдау көрсету, инновациялық идеяларды ілгерілету және заманауи оқыту әдістерін тәжірибеге енгізуге ықпал ету.
Коннект аясында «Қазақстан ұстазы» ұлттық сыйлығының лауреаты, «Жыл мұғалімі – 2023» атағының иегері Мирлан Джуссамбаев пен робототехникадан ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы, Robotek Grand Tournament республикалық чемпионатының жетекшісі Олжас Айтжанов TED форматында сөз сөйлеп, кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.
Кездесу барысында заманауи оқыту әдістері, педагогтердің кәсіби дамуы, шығармашылық ізденіс, сондай-ақ робототехника мен инновациялық технологияларды білім беру үдерісінде тиімді пайдалану мәселелері талқыланды.
Қатысушылар білім беру саласындағы жаңа тәсілдермен танысып, оны күнделікті педагогикалық тәжірибеде қолдану мүмкіндіктерін қарастырды.
Мұндай кәсіби кездесулер жас ұстаздардың жаңашыл бастамаларын қолдауға, өзара тәжірибе алмасуына және озық педагогикалық әдістерді өңірдің білім беру ұйымдарына енгізуге мүмкіндік береді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









