Ұлытау облысының студенті «ТОП-100 студенті» республикалық байқауының жеңімпазы атанды

    Ұлытау облысының студенті Серік Жауһар «ТОП-100 студенті» республикалық байқауының 2026 жылғы жеңімпаздары қатарына енді. Марапаттау рәсімі Астана қаласында өтті, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.

    Республикалық байқау қорытындысы бойынша Серік Жауһар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің қолынан арнайы марапат алды. Сондай-ақ ол биыл педагогикалық мамандықтар бойынша білім алушыларға алғаш рет тағайындалған ақшалай сыйақыға ие болды.
    Айта кетейік, Серік Жауһар білім алатын колледждің студенттері үш жыл қатарынан «ТОП-100 студенті» республикалық байқауының жеңімпаздары атанып келеді.
    Бұл жетістік өңірдегі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің республикалық деңгейде жоғары нәтиже көрсетіп жүргенін айғақтайды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының әкімдігі" жаңалықтары