Ұлытау облысының әкімі өңірдің белсенді жастарымен кездесті

    1 / 7

    Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен өңірдің белсенді жастарымен кездесіп, жастар саясатының өзекті мәселелерін, жас ұрпақтың облысты дамытудағы рөлін және жаңа бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады. Бұл туралы өңір басшысы Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.

    Ашық диалог форматында өткен кездесуде жастардың сапалы білім алуына, кәсіби дамуына және туған өңірінде өз әлеуетін жүзеге асыруына қолайлы жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
    Облыс әкімінің мәліметінше, бүгінде Ұлытау өңірінде тұратын жастар саны 60 мыңнан асады. Бұл облыс халқының 28 пайызын құрайды.
    «Жастар өздерінің күш-жігерімен, білімімен және тың идеяларымен облыстың дамуына маңызды үлес қосып келеді», – деп жазды Есет Байкен.
    Кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған жастарға қатысты басымдықтарға да назар аударылды. Президенттің «Мен ұлтымызды алға бастайтын отаншыл жастарға зор үміт артамын» деген сөзін негізге ала отырып, өңір басшысы жас ұрпақтың бастамаларын қолдау мен олардың әлеуетін ашуға мүмкіндік жасаудың маңыздылығын атап өтті.
    Жиын барысында жастар өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Облыс әкімі көтерілген мәселелер мен айтылған бастамаларды алдағы жұмысты жоспарлау кезінде ескеру маңызды екенін жеткізді.
    «Мұндай ашық диалог жастардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін тереңірек түсінуге және алдағы жұмысты жоспарлау кезінде соны ескеруге мүмкіндік береді», – деді өңір басшысы.
    Сондай-ақ Есет Байкен жастарға белсенді азаматтық ұстанымы, бастамашылдығы және туған өлкесінің болашағына бейжай қарамайтыны үшін алғыс білдіріп, бірлескен күш-жігер арқылы өңір игілігіне бағытталған маңызды жобаларды жүзеге асыруға сенім білдірді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының әкімдігі" жаңалықтары