Ұлытау облысында өрт қаупі бар кезеңдегі алдын алу жұмыстары қорытындыланды

    1 / 3

    Ұлытау облысы аумағында өрт қаупі бар кезең ағымдағы жылдың 6 сәуірінде басталды. Осы кезеңде жалпы алаңы 1515 гектарды құрайтын дала жануының 47 жағдайы (Ұлытау ауданында – 36, Жанаарқа ауданында – 11) және 795 гектар алаңда 3 дала өрті (Ұлытау ауданында – 2, Жанаарқа ауданында – 1) тіркелді. Сонымен қатар, Ұлытау ауданында жалпы алаңы 30 гектарды құрайтын 5 орман өрті орын алды.


    Табиғи өрттердің алдын алу және азаматтардың хабардарлығын арттыру мақсатында Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаменті ауқымды ақпараттық-түсіндіру және практикалық шараларды жүзеге асырды:


    Ақпараттық жұмыс: БАҚ пен әлеуметтік желілерде өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша 178 материал жарияланды (телевидениеде – 16, баспасөзде – 40, әлеуметтік желілерде – 122).


    Алдын алу және рейдтер: 113 рейдтік шара өткізіліп, 15 971 адам қамтылды. Сондай-ақ шаруа қожалықтары өкілдерімен 19 дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
    Оперативті дайындық: Ерікті өртке қарсы құрылымдар мен азаматтық қорғау органдарының қатысуымен 18 оқу-жаттығу мен саптық байқаулар өткізіліп, арнайы техникалардың дайындығы тексерілді.


    Бақылау мен әкімшілік шаралар: Қоқыс пен құрғақ өсімдіктерді өртеу ережелерін бұзғаны үшін 20 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы суммасы 3 миллион 27 мың 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.
    Жергілікті атқарушы органдармен және тартылған қызметтермен бірлесіп жүргізілген жүйелі жұмыстар өрт қаупі бар ахуалды тұрақты бақылауда ұстауға мүмкіндік берді. Табиғи өрттердің алдын алу және өңірде өрт қауіпсіздігі мәдениетін арттыру бағытындағы жұмыстар әрі қарай жалғасады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары