Ұлытау облысы ТЖД қызметкерлері мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу бойынша білімдерін жетілдірді

    1 / 12

    Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мемлекеттік тілде ресми құжаттарды сауатты рәсімдеу және іскерлік коммуникация мәдениетін арттыруға бағытталған әдістемелік семинарға қатысты.

    Іс-шара Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен «Тілтану» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өтті.

    Семинарға Департамент аппаратының қызметкерлері офлайн форматта қатысса, Сәтбаев, Қаражал қалалары, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарының төтенше жағдайлар бөлімдерінің қызметкерлері онлайн режимде қосылды.

    Оқыту барысында мемлекеттік тілде ресми құжаттарды дұрыс рәсімдеу, қызметтік хаттарды сауатты дайындау, іс қағаздарын жүргізуде тілдік нормаларды сақтау және іскерлік қарым-қатынас мәдениетін жетілдіру мәселелері қарастырылды.

    Сонымен қатар ресми құжаттарда сөздерді орынды қолдану, ақпаратты нақты әрі түсінікті жеткізу және ресми стиль талаптарын сақтау бойынша әдістемелік түсіндірмелер берілді.

    Аталған семинар Департамент қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға, мемлекеттік тілдің қызметтік қолданысын кеңейтуге және іс жүргізу сапасын жетілдіруге бағытталды.

    Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және оны күнделікті қызмет барысында тиімді қолдану бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары