1 / 2
Кездесу барысында ауылдық округ әкімі есепті кезеңде атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, тұрғындарды жүзеге асырылған іс-шаралармен таныстырды және өзекті сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша маңызды мәселелер қаралды, атап айтқанда:
🔹 өрт қауіпсіздігі қағидаларын және қоқыс жағу талаптарын сақтау;
🔹 сыбайлас жемқорлық пен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу;
🔹 интернет-алаяқтықтың алдын алу және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру;
🔹 бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алу;
🔹 кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.









