Ұлытау облысы ТЖД-де Құтқарушылар күніне арналған іс-шара өтт

    1 / 6

    19 қазан – Құтқарушылар күніне орай Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

    Мерекелік жиын барысында Ұлытау облысы ТЖД бастығы, полковник Есен Байыров жеке құрамды кәсіби мерекемен құттықтап, құтқарушылардың халық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтті.

    Салтанатты іс-шара аясында қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары кәсібилік пен жауапкершілік танытқан бірқатар қызметкер ведомстволық наградалармен және алғысхаттармен марапатталды.

    Марапаттау рәсімінен кейін қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерді еске алу мақсатында гүл шоқтары қойылып, олардың рухына тағзым етілді. Бұл тағзым – ел қауіпсіздігі жолында жанын қиған батырлардың ерлігі мен есімдері ешқашан ұмытылмайтынының айқын көрінісі.

    Мерекелік іс-шаралар Жезқазған қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде жалғасын тапты. Мұнда азаматтық қорғау органдарының ардагерлері мен департамент қызметкерлерінің қатысуымен ағаш отырғызу рәсімі өтті.

    Аталған бастама ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға, ардагерлерге құрмет көрсетуге және қоршаған ортаны көгалдандыруға бағытталды.

    Құтқарушылар күніне арналған іс-шаралар ерлік пен адал қызметтің, кәсіби жауапкершілік пен ұрпақтар сабақтастығының маңызын тағы бір мәрте айқындады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары