Ұлытау облысында 406 тұрғын үй профилактикалық іс-шарамен қамтылды

    1 / 16

    Ұлытау облысында республикалық «Өрт қауіпсіздігінің онкүндігі» аясында ауқымды профилактикалық іс-шара өтті.

    Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған іс-шараға Ұлытау облысы ТЖД бастығы, полковник Есен Байыров, Департаменттің басшылық құрамы, жергілікті атқарушы органдардың, газ саласының өкілдері мен еріктілер қатысты.

    Жезқазған қаласының Кеңгір елді мекенінде жүргізілген профилактикалық аралау барысында 406 тұрғын үй қамтылды. Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасылардың үйлеріне улы газды анықтайтын датчиктер орнатылып, сыйлықтар табысталды.

    Сонымен қатар тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаудың маңыздылығы түсіндіріліп, тұрмыстағы қауіпсіздік шаралары бойынша кеңестер берілді.

    Іс-шара тұрмыстағы өрттер мен улы газдан улану жағдайларының алдын алуға, халықтың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға және адам өмірін қорғауға бағытталды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары