Департаменттің мемлекеттік қызметшілері арасындағы түсіндіру жұмысы

    1 / 2

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырмасы бойынша Департаментте мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауы жөнінде түсіндіру жұмысы жүргізілді.

    Мемлекеттік қызметшілердің «Көкпар» сияқты бұқаралық ұлттық ойындарға қатысуына ерекше назар аударылды. Бұл қызметтік міндеттерді орындамау, жұмыс уақытын және мемлекеттік ресурстарды жеке мақсатта пайдалану, лауазымдық жағдайды теріс пайдалану қауіптерімен, сондай-ақ құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуға қатысты шектеулермен байланысты екені түсіндірілді.

    Әдеп кодексінің нормалары жұмыстан тыс уақытқа да қолданылатыны атап өтілді: қызметші жалпыға ортақ моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, кішіпейілділік танытуға және лауазымдық мәртебесін көрсетпеуге міндетті. Қызметшінің лайықсыз мінез-құлқы мемлекеттік қызметтің беделіне және қоғамның сеніміне нұқсан келтіреді.

    Жұмыс қорытындысы бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, белгіленген талаптарды мүлтіксіз сақтау жөнінде ұсынымдар айтылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары