Алматыда Құрманғазы атындағы оркестрдің «Әлем таныған әсем топ» концерті өтті

    1 / 6

    Алматыда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің дәстүрлі музыканы дәріптеуге бағытталған «Әлем таныған әсем топ» концерті өтті.

    Кеште оркестрдің қалыптасуына елеулі үлес қосқан Махамбет Бөкейханов, Науша Бөкейханов, Лұқпан Мұхитов және Қамбар Медетовтің шығармашылығындағы туындылар орындалды. Биыл ұжымның негізін қалаушылардың бірі Қамбар Медетовтің туғанына 125 жыл толып отыр.

    Оркестрдің орындауында Құрманғазы, Дәулеткерей, Есжан, Абыл, Арынғазы, Қауен және Үсентөренің шығармалары мен халық күйлері күмбірледі. Сондай-ақ Мұхиттың әндері мен қазақтың халық әндері шырқалды.

    Концертке Абылай Тілепберген мен Жексен Айсын дирижерлік етті. Кеште Батыржан Мықтыбаев, Әбділхамит Райымбергенов, Сәуле Жанпейісова, Төлепберген Тоқжанов, Байбақты Ідірбай және Азамат Шнаров өнер көрсетті.

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі" жаңалықтары