ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРҒАН ЖАС СПОРТШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    1 / 4
    Үндістанның Нью-Дели қаласында 29 қазан – 7 қараша күндері аралығында спорттың қол күресі түрінен өткен 47-ші Әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінген жерлестерімізге құрмет көрсетілді.
    Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Беркінбай әлемдік додада ел мерейін асқақтатқан жас спортшыларды арнайы қабылдап, жеңістерімен құттықтады. Кездесу барысында чемпиондар мен жүлдегерге аудан әкімінің Алғыс хаты мен қаржылай сыйлықтар табысталды.
    Айта кетейік, 65 елдің спортшылары қатысқан дүбірлі додада қазығұрттық Мамбеталиев Нұрислам 65 келі салмақ дәрежесінде қарсыластарынан басым түсіп, І орынды иеленіп, Әлем чемпионы атанды. Ал Сыдық Жадыра 55 келі салмақ дәрежесінде сәтті өнер көрсетіп, ІІ орынға тұрақтап, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
    Жас спортшылардың бойындағы қабілетін шыңдап, халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне зор үлес қосқан жаттықтырушысы Сейіткәрім Нұрмұхамбет Бақытжанұлына да алғыс білдіреміз.
    Бұл жеңіс – жас спортшылардың табанды еңбегі мен қажыр-қайратының, бапкердің кәсіби шеберлігі мен тынымсыз ізденісінің жемісі. Жерлестеріміздің әлемдік аренада топ жарып, аудан абыройын асқақтатуы – баршамыз үшін үлкен мақтаныш.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазығұрт ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары