«ШЕКСІЗ ӘЛЕМ – ТЕҢ МҮМКІНДІК» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

    Қазығұрт ауданында мүгедектігі бар жандарға құрмет көрсетіп, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыруға және жетістіктерін дәріптеуге бағытталған «Шексіз әлем – тең мүмкіндік» атты мерекелік шара өтті.
    Іс-шараға үй жағдайында арнаулы әлеуметтік күтім көрсетілетін мүгедектігі бар балалар, қоғамдық бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, қоғам белсенділері, сондай-ақ түрлі спорттық жарыстарда жүлделі орындарға ие болған спортшылар қатысты.
    Мерекелік жиынға аудан әкімі Азизхан Исмаилов, ауданның төбе биі Құттыбек Жұмашов, «Әділет» партиясының Қазығұрт аудандық филиалының төрағасы Данияр Көбеев, қоғам белсендісі Берік Серікбаев және «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалының Қазығұрт аудандық бастауыш ұйымының төрағасы Сәкен Дәндібаев қатысты.
    Шара барысында аудан әкімі Азизхан Исмаилов қатысушыларды мерекемен құттықтап, қоғамның ажырамас бөлігі саналатын мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету, олардың әлеуетін ашуға мүмкіндік жасау және қоғамдық өмірге белсене араласуына жағдай қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар бірқатар азаматтар аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталып, олардың қоғам өміріне қосқан үлесі, белсенді азаматтық ұстанымы мен түрлі саладағы жетістіктері ерекше атап өтілді.
    Мерекелік шара барысында қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлаған концерттік бағдарлама ұсынылды. Әсем ән мен жүрекжарды тілектерге ұласқан басқосу ізгілік пен сыйластықтың, бірлік пен жанашырлықтың жарқын көрінісіне айналды.
    Шараның басты мақсаты – мүгедектігі бар жандарға құрмет көрсету, олардың жетістіктерін насихаттау, қоғамдағы белсенділігін арттыру және әрбір азаматқа тең мүмкіндік қалыптастыруға үлес қосу.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазығұрт ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары