Абай облысында прокуратура кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдауда

    Курчатов қаласының прокуратурасы кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жұмысын жалғастыруда.

    Қадағалау іс-шаралары барысында қаладағы коммуналдық кәсіпорындардың бірі 2025 жылдың басынан бері 40 кәсіпкер алдында жеткізілген тауарларға ақы төлеу жөніндегі міндеттемелерін тиісінше орындамағаны анықталды.

    Берешектің жалпы сомасы 36,6 млн теңгені құрады.

    Атап айтқанда, «Курчатов Водоканал» МКК-нің кәсіпкерлердің біріне жеткізілген хлор үшін 938,7 мың теңге берешегі болған.

    Прокуратура қабылдаған ден қою шараларының нәтижесінде кәсіпорын 39 кәсіпкерлік субъектісінің алдындағы жалпы сомасы 23 млн теңге берешегін өтеді.

    Берешектің қалған сомасын кәсіпорын өзінің қаржылық мүмкіндіктерін ескере отырып, кезең-кезеңімен өтейтін болады.

    Коммуналдық кәсіпорынның кәсіпкерлік субъектілері алдындағы міндеттемелерін толық орындау мәселесі Курчатов қаласы прокуратурасының бақылауында.

    Абай облысының прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласында заңдылықты қамтамасыз ету және олардың мүліктік мүдделерінің бұзылуына жол бермеу бағытындағы жұмысын жалғастыруда.

    Абай облысының прокуратурасы

    #Әділдік

    #Заңүстемдігі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының прокуратурасы" жаңалықтары