Абай облысының прокуратурасы жасөспірімдермен профилактикалық кездесу ұйымдастырды

    Абай облысының прокуратурасы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, қылмыстық-атқару жүйесінің №20 мекемесіне профилактикалық баруды ұйымдастырды.

    Іс-шараға профилактикалық есепте тұрған мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысты. Кездесу барысында жасөспірімдермен кәсіби психологтар жұмыс жүргізді.

    Іс-шараның негізгі мақсаты — жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру және құқыққа қайшы әрекеттердің салдарын түсіндіру.

    Кездесу барысында сотталғандар өздері жіберген қателіктері, жіберіп алған мүмкіндіктері және бас бостандығынан айыруға әкеп соққан шешімдерінің салдары туралы әңгімеледі.

    Сонымен қатар, QR-код арқылы анонимді сауалнама жүргізіліп, оның нәтижесінде буллинг фактілері анықталды. Осыған байланысты тиісті профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылды.

    Мұндай іс-шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жасөспірімдердің мәселелерін уақтылы анықтауға, оларға психологиялық қолдау көрсетуге және жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бағытталған.

    Абай облысының прокуратурасы балалардың құқықтарын қорғау және жасөспірімдер арасындағы қылмыстылықтың алдын алу мәселелеріне тұрақты түрде ерекше назар аударады.

    Абай облысының прокуратурасы

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының прокуратурасы" жаңалықтары