ТҮРКІСТАН: АЗАМАТТАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚАРАЛДЫ

    1 / 4

    Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков өңір тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Азаматтарды қабылдау орталығына келген тұрғындардың басым бөлігі жер мәселесіне қатысты шағымдарын жеткізіп, түйткілді сұрақтарының оң шешімін табуына ықпал етуді сұрады.

    Сайрам ауданының тұрғыны жеке меншігіндегі жер учаскесін құжаттандыру барысында туындаған мәселе бойынша көмек сұрады. Ал Кентау қаласының тұрғыны марқұм жұбайынан мұраға қалған жер учаскесін балаларының арасында бөлу мәселесі бойынша құқықтық кеңес алды. Төлеби ауданынан келген азамат Біркөлік ауылындағы жер учаскелерін заңдастыруға қатысты шағымын жеткізді.

    Сонымен қатар қабылдауға келген тұрғындардың бірі ветеринария басқармасында қордаланған мәселелерді көтерді.

    Қоғамдық қабылдаудың басты мақсаты – тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдап қана қоймай, оларды шешудің нақты жолдарын қарастыру. Нұрбол Әбдісаттарұлы азаматтардың өтініштерін жан-жақты зерделеп, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ қабылдау барысында көтерілген мәселелерді жеке бақылауында ұстайтынын жеткізді.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары