Сарыкөл ауданында мемлекет пайдаланылмаған жер учаскесі қайтарылды

    Сарыкөл ауданының прокуратурасы жер заңнамасы талаптарының сақталуына талдау жүргізді.

    Жекелеген жер учаскелері ұзақ уақыт бойы мақсаты бойынша, оның ішінде мал шаруашылығы қызметін жүргізу үшін пайдаланылмағаны анықталды.

    Мәселен, 2021 жылы мал шаруашылығы базасын салу үшін берілген 3 гектар жер телімі өз мақсатына сай пайдаланылмай, нысанның құрылысы жүргізілмеген.

    Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылды.

    Болашақта ол кәсіпкерлік субъектілеріне инвестициялық жобаларды іске асыру, жаңа бизнес объектілерін құру және ауданда ауыл шаруашылығы қызметін дамыту үшін берілуі мүмкін.

    Прокуратура пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау және оларды экономикалық айналымға тарту бойынша жұмысын жалғастыруда.

    Қостанай облысының прокуратурасы



    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының прокуратурасы" жаңалықтары