Жезқазған қаласының әкімі Мұрат Бөрібаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша WhatsApp арқылы онлайн қабылдаудың жаңа форматын бастайды.
Енді әрбір тұрғын әкімнің қабылдауына жазылу үшін арнайы мекемеге бармай-ақ, үйінен немесе өзіне ыңғайлы жерден байланыса алады.
Бұл бастама тұрғындармен тікелей байланысты нығайтуға, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдауға және уақытын үнемдеуге бағытталған.
Алғашқы онлайн қабылдау 4 қараша күні сағат 17:00-де өтеді.
Қабылдауға жазылу үшін WhatsApp нөмірі:
+7 771 656 24 91
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








