Инватакси қызметтері

    Инватакси қызметтері Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 1 қарашадағы №859 «Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес ұсынылады.
    Қызметті алу үшін мүгедектігі бар адам инватакси қызметін көрсететін ұйымға мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
    1) өтініш (еркін нысанда);
    2) жеке басын куәландыратын құжат немесе туу туралы куәлік;
    3) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) бекітілген 026/е нысаны бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;
    4) «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №260 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген №32922) 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектік туралы анықтама.
    Толық ақпарат алу үшін «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-ге мына мекенжай: Некрасов көшесі, 112 бойынша хабарласуға болады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе қаласының әкімдігі" жаңалықтары