Атырауда кәсіпкерлер марапатталды

    1 / 6

    Абай орталығында кәсіпкерлер күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасары Ердос Әбдісаттаров қатысып, кәсіпкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады.

    – Бүгінде Атырау қаласының дамуына кәсіпкерлердің қосып отырған үлесі зор. Бірі өндірісті өркендетсе, енді бірі сауда мен қызмет көрсету саласында еңбек етіп, жаңа бастамаларға жол ашып келеді. Олардың әрқайсысының еңбегі қаламыздың экономикасына серпін беріп, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға ықпал етеді. Қаланың әлеуметтік өміріне атсалысып, қайырымдылық пен қоғамдық бастамаларға қолдау көрсетіп жүрген баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін, – деді Ердос Ғаниұлы.

    Салтанатты шара барысында кәсіпкерлікті дамытуға, адал бизнес қағидаттарын ұстануға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген бірқатар кәсіпкер марапатталды. Оларға «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының және өңірлік кәсіпкерлер палатасының марапаттары мен алғыс хаттары табысталды. Сондай-ақ «Адал кәсіпкер» номинациясының жеңімпазы анықталды.

    Мерекелік жиын өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Атырау қаласының әкімдігі" жаңалықтары