Данияр Таханов VIII шақырылымдағы қалалық мәслихат депутаттарына алғыс білдірді

    1 / 4

    Атырау қаласының әкімі Данияр Таханов VIII шақырылымдағы қалалық мәслихат депутаттарын қабылдап, депутаттық қызметтері барысында атқарған жұмыстары үшін алғыс білдірді.
    Кездесуде қала басшысы 2023 жылдың наурыз айынан бері халық сенімін арқалап, тұрғындардың мүддесін қорғау, өзекті мәселелерді көтеру және шаһардың дамуына үлес қосу жолында еңбек еткен депутаттардың қызметіне тоқталды.

    – Халық қалаулысы болу – үлкен жауапкершілік. Сіздер осы міндетті абыроймен атқарып, халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуға атсалыстыңыздар. Қала әкімдігі мен мәслихаттың бірлескен жұмысы Атыраудың дамуына, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталды. Осы орайда, мәслихат төрағасы Ақылбек Нұрболатұлына және барлық депутаттарға атқарған жұмыстарыңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін, – деді Данияр Болатұлы.

    Кездесу барысында қала әкімі депутаттарға Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табыстап, гүл шоқтарын ұсынды. Халық қалаулылары көрсетілген құрмет пен жоғары бағалауға ризашылықтарын білдіріп, бірлескен жұмыстың маңызын атап өтті.

    Кездесу соңында қала әкімі депутаттарға зор денсаулық, отбасыларына амандық, алдағы бастамаларына сәттілік тілеп, ел игілігі жолындағы еңбектеріне табыс тіледі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Атырау қаласының әкімдігі" жаңалықтары