Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері құрметке бөленді

    1 / 7

    Атырау қаласында әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ердос Әбдісаттаров қатысып, сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады.

    – Әлеуметтік қорғау саласы кәсіби біліктілікпен қатар, жоғары жауапкершілікті, адамгершілік пен жанашырлықты талап етеді. Себебі әрбір өтініштің артында адам тағдыры, көмекке мұқтаж отбасы, үміт күткен жан тұрады. Сіздер күн сайын азаматтарға қолдау көрсетіп, олардың қиындықтарды еңсеруіне көмектесіп келесіздер. Еңбектеріңіз еленіп, халықтың алғысы сіздерге әрдайым күш-қуат берсін, – деді Ердос Ғаниұлы.

    Салтанатты жиын барысында халықты әлеуметтік қорғау саласындағы адал еңбегі мен кәсіби қызметі үшін бірқатар маман Атырау қаласы әкімінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің және облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды.

    Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Атырау қаласының әкімдігі" жаңалықтары