1 / 10
Мүгедектігі бар адамдар күніне орай Шардара ауданының әкімі Арман Романұлы Қарсыбаев аудан тұрғыны Альбина Рамильеваның отбасына арнайы барып, мерекелік құттықтауын жеткізді.
Аудан әкімі отбасының тұрмыс-тіршілігімен танысып, жағдайын сұрап, көкейдегі мәселелеріне назар аударды. Кездесу барысында отбасы мүшелеріне ізгі тілегін білдіріп, Альбина Рамильеваға зор денсаулық, отбасына амандық, береке-бірлік пен бақ-дәулет тіледі.
Кездесуде аудан басшысы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсету, олардың қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасау және әлеуметтік мәселелерін назарда ұстау – маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті.
Мүгедектігі бар адамдар күні – қоғамның әрбір мүшесіне құрметпен қарап, жанашырлық пен өзара қолдаудың маңызын айқындайтын ерекше күн.
Адамға көңіл бөлу, мұң-мұқтажына құлақ асу, қажет кезінде жанынан табылып, қолдау көрсету – ізгіліктің және адамгершіліктің айқын көрінісі.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі









