Спорттың 38 түрі және 8 мыңнан астам спортшы: Ұлытау облысында спорт қалай дамып жатыр

    1 / 6

    Ұлытау облысында балалар мен жасөспірімдерді спортқа тарту, бұқаралық спорттың қолжетімділігін арттыру және жоғары жетістіктер спортын дамыту бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда өңірде 38 спорт түрі бойынша 8 077 спортшы тегін жаттығады.

    Облыста 10 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. Бұл мекемелерде 263 жаттықтырушы-оқытушы жас спортшыларды даярлаумен айналысады.
    Балалар мен жасөспірімдердің спортпен шұғылдануына өңірдегі спорт клубтары мен кешендерінде де жағдай жасалған. Атап айтқанда, «Намыс» спорт клубында 14 жаттықтырушының жетекшілігімен 350-400 бала жаттығады. Ал Жәйрем кентіндегі М. Дәрібеков атындағы спорт кешенінде 444 бала спорттың әртүрлі түрімен айналысады.
    Жезқазған қаласындағы Спортты дамыту орталығында 15 жаттықтырушы жұмыс істейді. Олардың жетекшілігімен 672 спортшы дайындықтан өтеді.
    Сонымен қатар өңірде бұқаралық спорттың қолжетімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама аясында облыс бойынша 980-ге жуық ваучер берілген. Қазіргі таңда осы жүйе бойынша спорттың 15 түрінен секциялар жұмыс істейді.
    Ұлытау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы балалар мен жасөспірімдерді спортқа тарту, спорттық инфрақұрылымның қолжетімділігін арттыру және спортшыларды даярлау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
    Бұл жұмыстар өскелең ұрпақтың денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және балалар мен жасөспірімдердің спортпен шұғылдануына тең мүмкіндік жасауға бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының әкімдігі" жаңалықтары