Басқарма басшысы Көлтоғандағы медициналық көмектің ұйымдастырылуын тексерді

    Басқарма басшысы Көлтоғандағы медициналық көмектің ұйымдастырылуын тексерді
    Басқарма басшысы Көлтоғандағы медициналық көмектің ұйымдастырылуын тексерді
    Жуалы ауданындағы шалғай елді мекен тұрғындарына заманауи диагностикалық қызметті қолжетімді ету мақсатында жылжымалы медициналық кешен ауылдарды аралауда. Кешеннің келесі аялдамасы – Көлтоған ауылы.
    Осыған орай Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек Көлтоған дәрігерлік амбулаториясына арнайы барып, тұрғындарды қабылдауға дайындық барысымен танысты.
    Жұмыс барысында амбулаториядағы медициналық қызметтің ұйымдастырылуы, профилактикалық шаралардың жүргізілуі және медицина қызметкерлерінің күнделікті жұмысы қаралды.
    Басқарма басшысы вакцинация жұмыстарын жүйелі жүргізу, жүкті әйелдерді аудан аумағында босандыруға алдын ала дайындау, сондай-ақ тұмаудың алдын алу үшін «Гриппол» вакцинасының жеткілікті қорын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
    Сонымен қатар ерте жастағы балаларға патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап-прогрессивті моделін (УПМП)тиімді іске асыруға, отбасылармен әлеуметтік жұмысты күшейтуге назар аударылды.
    Сапар барысында медицина қызметкерлеріне тұрғындарға көрсетілетін көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, профилактикаға басымдық беру жөнінде тиісті міндеттер қойылды.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" жаңалықтары