Әйелдер мен балалардың құқықтары мен қауіпсіздігі: Маңғыстау полиция қызметкерлеріне семинар өткізілді

    Әйелдер мен балалардың құқықтары мен қауіпсіздігі: Маңғыстау полиция қызметкерлеріне семинар өткізілді

    Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының «Әйелдер» құрылымы – UN Women ұйымының бірлесуімен Маңғыстау облысы Полиция департаментінің қызметкерлеріне «Әйелдер мен балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында семинар өткізілді.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – әйелдер мен балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің осы бағыттағы кәсіби құзыреттілігін арттыру.

    Семинар барысында қатысушыларға қолданыстағы ұлттық заңнама талаптарымен қатар, халықаралық тәжірибеге негізделген заманауи тәсілдер таныстырылды. Әсіресе, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған азаматтарға көмек көрсету кезінде олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және әрбір жағдайға жеке әрі жауапкершілікпен қарауға ерекше назар аударылды.

    Полиция қызметкерлерінің айтуынша, мұндай оқыту семинарлары тәжірибе алмасуға, заманауи әдістерді меңгеруге және қызмет барысында кездесетін күрделі жағдайларға тиімді ден қоюға мүмкіндік береді.

    Семинар қорытындысында әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған жол бермеу бағытында мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі күшейтудің маңыздылығы атап өтілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары