
Бүгін Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 2026 жылғы 9 айда атқарған жұмыстарының қорытындысы бойынша брифинг өтті.
Брифинг барысында Департаменттің мемлекеттік бюджет кірістерін толықтыру, салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру, көлеңкелі экономиканы қысқарту және салық төлеушілерге көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бағытындағы жұмыстары таныстырылды.
2026 жылдың 9 айында мемлекеттік бюджетке 777 млрд теңге салықтық түсім түсті. Бекітілген жоспар 100% орындалып, түсімдердің өсу қарқыны 109%-ды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 65 млрд теңгеге артық.
Сонымен қатар, салықтық және кедендік әкімшілендіру нәтижесінде 9 млрд теңгеден астам қосымша кіріс көзі анықталып, өндірілді. Оның ішінде республикалық бюджетке 6,4 млрд теңге бағытталды.
Брифингте сондай-ақ жаңа Салық кодексі аясындағы арнаулы салық режимдерінің тиімділігіне қатысты жүргізілген талдау нәтижелері айтылды. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында оңайлатылған декларация режимін қолданатын кәсіпкерлердің айналымы 333 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 268 млрд теңгемен салыстырғанда өскені атап өтілді.
Бұдан бөлек, өзін-өзі жұмыспен қамту режимін 18 826 салық төлеуші таңдағаны туралы ақпарат берілді.
Брифинг барысында халық пен бизнес өкілдеріне салықтық және кедендік заңнама талаптарын түсіндіру, құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтармен тұрақты кездесулер мен семинарлар өткізу жұмыстарының жалғаса беретіні айтылды.
Спикер: Сәуле Шырынбекова – Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы.









