
АШЫҚ НАРЫҚ ҚАҒИДАТЫ: АКЦИЗДІК САЯСАТ, ЦИФРЛЫҚ ТАҢБАЛАУ ЖӘНЕ КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКАНЫҢ АЛДЫН АЛУ
Бүгін Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде аталған тақырыпта брифинг өтті.
Брифинг барысында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жанат Байғұт акциздік саясат пен салықтық әкімшілендіру бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында, атап айтқанда:
акциз төлеушілер;
акцизделетін тауарлардың тізбесі;
акциздердің мөлшерлемелері;
жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы;
цифрлық таңбалау және акцизделетін тауарлардың айналымын бақылау;
көлеңкелі экономиканың алдын алу шаралары
бойынша ақпарат беріліп, түсіндірілді.
Сонымен қатар, спикер акцизделетін тауарлар айналымын заңдастырудың және салық заңнамасы талаптарын сақтаудың маңыздылығына тоқталды.









