Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

    Департамент туралы

    Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің кеден ісі саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын орындауға, салықтардың, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз етуге уәкілетті аумақтық органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    «Салық төлеушілерді тіркеу және кәсіпкерлік субъектілерін салықтық есепке қою мәселелері» тақырыбында тікелей эфир өтеді.

    Instagram әлеуметтік желісіндегі @mkd_turkistan_oblysy парақшасында «Салық төлеушілерді тіркеу және кәсіпкерлік субъектілерін салықтық есепке қою мәселелері» тақырыбында тікелей эфир өтеді. Күні: 29.09.2026 жыл Уақыты: 16:00 Спикер: Тұрсынханов Шахан Мұқанұлы — Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бөлім басшысы

    29 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен Қосылған құн салығына (ҚҚС) қатысты өзгерістер тақырыбында брифинг өтеді.

    ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ БОЙЫНША ӨЗГЕРІСТЕР Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен Қосылған құн салығына (ҚҚС) қатысты өзгерістер тақырыбында брифинг өтеді. Мадияр Мансұр – Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Камералдық мониторинг басқармасы басшысының міндетін атқарушы. 17 қыркүйек 11:00 «Алатау Медиа» 1-қабат Брифинг барысында ҚҚС бойынша енгізілген өзгерістер, салықтық міндеттемелер және салық төлеушілер үшін маңызды мәселелер бойынша түсіндірме беріледі. Тікелей эфир Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің Facebook парақшасында көрсетіледі.

    17 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ БЕРЕШЕКТЕРІН ӨНДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ БЕРЕШЕКТЕРІН ӨНДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Департамент басшысы М. Нұрахаевтің төрағалығымен жеке тұлғалардың берешектерін өндіру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Түркістан облысының прокуратурасы, Түркістан облысының Әділет департаменті, Полиция департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ сот орындаушылары қатысты. Дөңгелек үстел барысында жеке тұлғалардың салықтық берешектерін өндіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелері талқыланып, берешекті өндіріп алу тетіктерін жетілдіру, мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту және проблемалық мәселелерді бірлесіп шешу жолдары қаралды. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің (Салық кодексі) 190-бабының 3-тармағына сәйкес, жеке тұлға салық берешегін орындамаған жағдайда, салық органы Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен мәжбүрлеп орындату үшін салық бұйрығын аумақтылығы бойынша тиісті әділет органдарына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жібереді. Осыған байланысты, кездесу барысында Салық кодексінде көзделген талаптарды сақтау, салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларының тиімділігін арттыру және уәкілетті органдардың өзара іс-қимылын одан әрі жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, берешегі бар азаматтарға салықтық міндеттемелерін уақытылы орындау қажеттілігі бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту, берешекті өтеу мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру және өндіріп алу процесінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар талқыланды. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар жеке тұлғалардың салықтық берешектерін өндіру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып, мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі күшейту қажеттігін атап өтті. Салық берешегін уақытылы өтеу – заң талаптарын сақтау және азаматтың өз салықтық міндеттемесін орындауының маңызды көрсеткіші.

    15 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    ЖІБЕК ЖОЛЫ» КЕДЕН БЕКЕТІНДЕГІ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

    2026 жылғы 10 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары Е. Біржанов, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Б. Слямов, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Е. Тұрысов және Сарыағаш ауданының әкімі А. Абдуллаев «Жібек жолы» кеден бекетіндегі құрылыс жұмыстарының жүргізілу барысымен танысты. Жұмыс сапары барысында жауапты мамандар құрылыс нысанында атқарылып жатқан жұмыстар, инфрақұрылымды жаңғырту және бекеттің өткізу қабілетін арттыру бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Сондай-ақ құрылыс жұмыстарының сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуы, заманауи талаптарға сай кедендік инфрақұрылым қалыптастыру және азаматтарға қолайлы жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жауапты тұлғаларға құрылыс қарқынын бәсеңдетпей, жұмыстардың сапасын тұрақты бақылауда ұстау жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.

    10 қыркүйек 2026 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Жаңа Салық кодексіне сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушы ҚҚС сомасын шот-фактура бойынша есепке жатқызатын күні бойынша ҚҚС есепке жатқызу тәртібі өзгерді ме?

    Жауап

    Жаңа Салық кодексінде шот-фактура бойынша ҚҚС сомасы тауарды, жұмысты, қызметті алған күні бойынша есепке жатқызылатыны көзделген. Бұл ретте ҚҚС сомасын есепке жатқызу үшін ҚҚС төлеуші ЭШФ АЖ-да осындай ЭШФ бойынша ҚҚС сомасы есепке жатқызылатыны туралы белгі қояды.

    Сұрақ

    2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған мемлекеттік сатып алу жөніндегі шарттар бойынша ҚҚС мөлшерлемесінің 16%-ға дейін ұлғаюына байланысты смета қайта есептеле ме?

    Жауап

    ҚҚС ставкасы айналым жасалған күні қолданылатын Ставка қолданылады. Жаңа Салық кодексінде айқындалған айналым жасалған күнді айқындау тәртібі сақталды. Осылайша, егер 2026 жылға дейін жасалған мемлекеттік сатып алу шарты бойынша айналымның жасалған күні 2026 жылға келсе, онда мұндай айналымдарға 2025 жылдан кейін қолданылып жүрген мөлшерлеме бойынша, яғни 16% салық салынуға тиіс. Мемлекеттік сатып алу шеңберіндегі сметаны қайта есептеу мәселесі МКК құзыретіне кірмейді.

    Сұрақ

    Жаңа Салық кодексінде қандай ҚҚС мөлшерлемелері қарастырылған?

    Жауап

    ҚҚС базалық мөлшерлемесі-16%. Бұл ретте сараланған мөлшерлемелер енгізілді. Шаруа қожалықтары үшін ҚҚС-тан босату сақталды. Заңды тұлғалар-ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін есепке жатқызылатын ҚҚС қосымша сомасын 70% - дан 80% - ға дейін ұлғайту ұсынылады. Осылайша, ауыл шаруашылығы өнімдеріне бағаның өсуіне негіз алынып тасталады. Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен медициналық қызметтерді сату үшін ҚҚС төмендетілген мөлшерлемесі белгіленеді: 2026 жылдан бастап 5%, 2027 жылдан бастап 10% деңгейінде. Бұл ретте ҚҚС-тан босату ұсынылады: тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде, сондай-ақ Үкімет айқындайтын тізбе бойынша орфандық және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу үшін дәрілік заттар мен медициналық көрсетілетін қызметтер; отандық басылымның кітаптары, баспа түрінде кітаптар шығару бойынша қызметтер; археологиялық жұмыстар.

    Сұрақ

    Жаңа Салық кодексінде Әлеуметтік сала объектілерін пайдаланудан түсетін кірістер жөніндегі қолданыстағы Салық кодексінің 239-бабына ұқсас бап жоқ. 2026 жылдан бастап мұндай кірістерге қалай салық салынады?

    Жауап

    Жаңа Салық кодексінде жекелеген нормалар жоқ және әлеуметтік сала объектілерін пайдаланудан түскен кірістер бойынша жеке салық есебі көзделмейді, тиісінше салық салудың жалпы тәртібі қолданылады. Яғни, әлеуметтік сала объектілерін пайдаланудан түсетін кірістер болған кезде (тіпті шамалы болса да) мұндай кірістерді алуға бағытталған шығыстардың барлық сомасы шегерімге жатқызылатын болады.

    Сұрақ

    1. Жаңа Салық кодексінде КТС қандай ставкалары қарастырылған?

    Жауап

    КТС базалық мөлшерлемесі 20% деңгейінде сақталады. Кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызметті қоспағанда, банк секторы үшін мөлшерлеме 25% -. құрайды (20%). Бұл ретте екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын банк қызметі бойынша салық салынатын табысты айқындау тәртібін Ұлттық банк салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісім бойынша белгілейді. Сондай-ақ, ойын бизнесіне салық салудың қолданыстағы тәртібін сақтаумен қатар, ойын автоматтары залы, тотализатор және букмекерлік кеңсенің қызметі бойынша КТС 25% жоғары ставка бойынша есептеу және төлеу көзделеді. Әлеуметтік сала үшін (білім, медицина) ставканы кезең-кезеңімен арттыру ұсынылады: 2026 жылдан бастап 5%, 2027 жылдан бастап 10%. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін мөлшерлеме 3% деңгейінде қалады. Ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін ставка 6%.

    Сұрақ

    Теміржол көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік транзит мерзімі қалай анықталады?

    Жауап

    Еуразиялық экономикалық Одақтың кеден Кодексінің 144 бабының 2 тармағына сәйкес, теміржол көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік транзит мерзімі 1 айға 2 мың километр есебінен белгіленеді, бірақ ол күнтізбелік 7 күннен кем болмауға тиіс.

    Ақпарат

    Арнайы салық режимі

    СЕН және ережелер Нысанның атауы 910.00 нысаны Ереже Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация 920.00 нысаны Ереже Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларация

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Корпоративтік табыс салығы

    Корпоративтік табыс салығы Жүктеу Нысанның атауы 100.00 нысаны Ереже Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация 101.02 нысаны Ереже Декларация тапсырылғанға дейiнгi кезең үшін төленуге тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебi 101.04 нысаны Ереже Резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есебі 110.00 нысаны Ереже Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация 150.00 нысаны Ереже Корпоративтік табыс салығы және үстеме пайда салығы бойынша декларация

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жеке табыс салығы және әлеуметтік салығы

    Жеке табыс салығы және әлеуметтік салығы Жүктеу Нысанның атауы 200.00 нысаны Ереже Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация 220.00 нысаны Ереже Жеке табыс салығы бойынша декларация

    Жарияланды:
    Ақпарат

    ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ АКТИВТЕРІ МЕН МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ДЕКЛАРАЦИ

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысының жобасыКазахстан»

    «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы ҮкіметініңҚаулысының жобасы 1 НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысының жобасы 2 Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 3 НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) 1) Мемлекет басшысының 2024 жылы 8 қарашадағы № 24-4729 қбп; 2) Премьер-Министр О.А. Бектеновтің 2024 жылғы 11 қарашадағы №12-01/4775 қбп-2//№24-4729 қбп; 3) Премьер-Министр О.А. Бектеновтің 2024 жылғы 4 мамырдағы өткізу пункттерін стратегиялық объектілер тізбесіне енгізу жөніндегі (Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерін таныстыру хаттамасы); 4) «Nur Zholy Customs Service» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атауын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2024 жылғы 18 қыркүйектегі № 352 бұйрығы; 5) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 01-11/12131-ХР қорытындысына сәйкес әзірленді. 4 НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 5 Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері Жобаны қабылдаудың мақсаты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерін және «Digital Silk Road Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі халықаралық көлік-логистикалық орталықты стратегиялық объектілер тізбесіне енгізу, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 01-11/12131-ХР қорытындысына сәйкес қызметінің қосымша түрлерін жүзеге асыру және «Nur Zholy Customs Service» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атауын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2024 жылғы 18 қыркүйектегі № 352 бұйрығына сәйкес келтіру болып табылады. 6 НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды. https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15506795

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Салықтық есептілікті кері қайтарып алуға өтініш «Өңделуде» мәртебесінде ұзақ тұрады?

    Салықтық есептілікті кері қайтарып алу туралы өтініш МКК ақпараттық жүйелерінде техникалық рәсімдер аяқталғанға дейін «Өңделуде» мәртебесінде болуы мүмкін. Өңдеу аяқталғаннан кейін өтініш орындалып, салықтық есептілік мәртебесі жүйеде жаңартылады. Ұзақ уақыт бойы өңдеу нәтижесі болмаса, өтінішті қайта жіберуді ұсынамыз.

    Жарияланды: