ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫН ТӨЛЕУШІ БОЛМАСА ДА, КІМДЕР ШОТ-ФАКТУРА ЖАЗЫП БЕРУГЕ МІНДЕТТІ?

    Қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес, қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын тұлғалардың жекелеген санаттары белгіленген жағдайларда шот-фактура жазып беруге міндетті.

    Атап айтқанда, мұндай міндеттеме мына тұлғаларға жүктеледі:

    Комиссионерлерге – Салық кодексінің 495-бабында көзделген жағдайларда;

    Экспедиторларға – Салық кодексінің 494-бабында көзделген жағдайларда;

    Мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығарылған кезде мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның ведомствосына;

    Халықаралық жүк тасымалдау қызметтерін көрсететін салық төлеушілерге;

    Сәйкестікті растау саласында қызмет атқару үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлғаларға;

    ЕАЭО кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден өкілі, кедендік тасымалдаушы, уақытша сақтау қоймасының иесі, кеден қоймасының иесі немесе уәкілетті экономикалық оператор мәртебесіне ие салық төлеушілерге;

    Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге;

    Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру мақсатында қабылданған нормативтік құқықтық актілерде көрсетілген жағдайларда салық төлеушілерге;

    Импортталған тауарларды өткізу кезінде салық төлеушілерге;

    Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулінде есепке алынған тауарларды өткізетін салық төлеушілерге.

    «Виртуалды қойма» модулі арқылы электрондық шот-фактура жазып берілуге тиіс тауарлардың тізбесін уәкілетті орган бекітеді және өзінің интернет-ресурсында жариялайды.

    Әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамаға сәйкес медициналық қызметтер көрсету, дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, олардың жиынтықтауыштарын және техникалық қосалқы (компенсаторлық) құралдарды өткізу кезінде салық төлеушілерге;

    Адвокаттық кеңсе жасасқан шарттар шеңберінде заң көмегін көрсететін, осы адвокаттық кеңсені жеке өзі немесе басқа адвокаттармен бірлесіп құрған адвокатқа.

    МАҢЫЗДЫ!

    Аталған талап жеке тұлғаларға, оның ішінде дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаларға, сондай-ақ жеке практикамен айналысатын адамдарға өздерінің жеке мүлкін өткізу жағдайында қолданылмайды.

    Толық ақпаратты Қазақстан Республикасының Салық кодексінен білуге болады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары