КАМЕРАЛДЫҚ БАҚЫЛАУ: ХАБАРЛАМА АЛҒАН ЖАҒДАЙДА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Камералдық бақылау – салық органдарының салықтық есептілік нысандарын, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қызметіне қатысты өзге де құжаттар мен ақпараттарды талдау арқылы жүзеге асыратын бақылау шарасы.
Қандай жағдайларда хабарлама жолданады?
Камералдық бақылау барысында төмендегі ақпараттарды салыстыру нәтижесінде сәйкессіздіктер анықталған жағдайда салық төлеушіге хабарлама жіберіледі:
Салық органдарында, оның ішінде салықтық есептілікте қамтылған мәліметтер;
Басқа мемлекеттік органдардан алынған салық салу объектілері туралы ақпарат;
Әртүрлі дереккөздерден алынған салық төлеушінің қызметіне қатысты мәліметтер.
Хабарлама кімдерге жолданбайды?
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарлама:
* Деңгейлес мониторингке қатысушыларға;
* Салықтық тексеру жүргізіліп жатқан кезеңге қатысты тексерілетін кезең бойынша ұсынылмайды.
Хабарлама алған жағдайда не істеу қажет?
Ең алдымен, хабарламаның мазмұнымен мұқият танысып, онда көрсетілген алшақтықтарды зерделеу қажет.
Егер анықталған алшақтықтармен келіссеңіз:
Оларды жою үшін мынадай шараларды орындау қажет:
Тиісті салық кезеңі бойынша қосымша салықтық есептілікті ұсыну;
Бюджеттен бұрын қайтарылған қосылған құн салығының (ҚҚС) сомасын бюджетке қайтару және қайтарылған соманы аудару күнінен бастап әрбір күн үшін өсімпұл төлеу;
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар үшін арнаулы мобильді қосымшада тиісті деректерді көрсету және (немесе) салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеу;
Тиісті салық режиміне көшу үшін Салық кодексінің 716-бабында көзделген талаптарды орындау.
Егер алшақтықтармен келіспесеңіз:
Хабарламаны жолдаған салық органына өз ұстанымыңызды негіздейтін түсініктеме ұсынуыңыз қажет.
Түсініктемеде мынадай мәліметтер қамтылуы тиіс:
Салық төлеуші мен хабарламаны жолдаған салық органының сәйкестендіру деректері;
Хабарламаның күні мен нөмірі;
Хабарламамен келіспеу себептері;
Түсініктеменің күні мен қолтаңбасы;
Келіспеудің негізділігін растайтын құжаттардың тізбесі (бар болған жағдайда).
Алшақтықтардың бір бөлігімен ғана келіскен жағдайда:
Келісілген бөліктегі сәйкессіздіктерді жойып, қалған бөлігі бойынша тиісті түсініктеме ұсыну қажет.
Маңызды!
Егер операциялар сот шешімімен жалған немесе жарамсыз деп танылса, сондай-ақ контрагенттің тіркелуі жарамсыз деп танылған жағдайда, корпоративтік табыс салығы бойынша шегерімдер мен қосылған құн салығын есепке жатқызуға қатысты ұсынылған түсініктемелер қабылданбайды.
Салықтық міндеттемелерді уақытылы орындау – салықтық тәуекелдердің алдын алудың маңызды жолы!
Келісілген бөліктегі сәйкессіздіктерді жойып, қалған бөлігі бойынша тиісті түсініктеме ұсыну қажет.
Маңызды!
Егер операциялар сот шешімімен жалған немесе жарамсыз деп танылса, сондай-ақ контрагенттің тіркелуі жарамсыз деп танылған жағдайда, корпоративтік табыс салығы бойынша шегерімдер мен қосылған құн салығын есепке жатқызуға қатысты ұсынылған түсініктемелер қабылданбайды.
Салықтық міндеттемелерді уақытылы орындау – салықтық тәуекелдердің алдын алудың маңызды жолы!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









