БАНКРОТТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БОСАТПАЙДЫ: КӘСІПОРЫН БАСШЫСЫ ЗАҢ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ

    Кәсіпорын банкрот деп танылды, салық берешегі 1,2 млрд теңгеге дейін өсті, ал оның басшысына қатысты айыптау үкімі шығарылды.

    Бұл жағдай банкроттық рәсімі бұрын жасалған заң бұзушылықтар үшін жауапкершіліктен босатпайтынын көрсетеді.

    ОҚИҒА ҚАЛАЙ ӨРБІДІ?

    2024 жылы сот шешімімен серіктестіктердің бірі банкрот деп танылған. Алайда банкроттыққа дейінгі үш жылдық кезеңдегі кәсіпорын қызметіне жүргізілген талдау барысында бірқатар күмәнді мән-жайлар анықталған.

    Атап айтқанда:
    ▪️ Кәсіпорын басшысы серіктестіктің тіркелген мекенжайын бірнеше рет өзгерткен;
    ▪️ Кәсіпорын шоттарынан 1 млрд теңгеден астам қаражат шығарылған;
    ▪️ Кейінгі кезеңдер үшін қосымша салық декларациялары ұсынылған.

    Алғашында салық берешегі 19 млн теңгені құраған. Кәсіпорында берешекті өтеуге жеткілікті мүлік болмағандықтан, ол банкрот деп танылған.

    Алайда кейінгі салықтық бақылау нәтижесінде берешек сомасы 1,2 млрд теңгеге дейін өсті.

    ҚҰҚЫҚТЫҚ САЛДАРЫ

    2026 жылы сот кәсіпорын басшысын қасақана банкроттық жасағаны және салық төлеуден жалтарғаны үшін кінәлі деп таныды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

    Сонымен қатар қазіргі уақытта банкроттық басқарушының басшыны серіктестіктің қарыздары бойынша субсидиарлық жауапкершілікке тарту туралы талап арызы қаралуда.

    2025 ЖЫЛДАН 2026 ЖЫЛДЫҢ ҚЫРКҮЙЕГІНЕ ДЕЙІНГІ КӨРСЕТКІШТЕР:

    ▪️ Қасақана банкроттық және өзге де заңсыз әрекеттер белгілері бойынша құқық қорғау органдары 18 қылмыстық іс қозғады;
    ▪️ Мемлекеттік кірістер органдары 51 әкімшілік іс жүргізуді бастады;
    ▪️ Сот банкрот болған кәсіпорындардың 19 лауазымды тұлғасын субсидиарлық жауапкершілікке тартты;
    ▪️ Тағы 23 тұлғаға қатысты материалдар дайындалуда.

    МАҢЫЗДЫ!

    Банкроттықтың өзі құқық бұзушылық болып табылмайды. Кәсіпорынның қаржылық қиындықтарға тап болуы да заң бұзушылықты автоматты түрде білдірмейді.

    Алайда активтерді заңсыз шығару, мүлікті жасыру, салық есептілігін бұрмалау немесе төлем қабілетсіздігін қасақана жасау сияқты әрекеттер заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.

    Мемлекеттік кірістер органдары кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін, ақша қаражатының қозғалысын, тіркеу деректерін және салық есептілігін тұрақты түрде талдайды.

    Естеріңізде болсын: банкроттық – міндеттемелерден жалтарудың жолы емес, заңмен реттелген рәсім. Кәсіпорынды банкрот деп тану оның басшысын бұрын жасаған заңсыз әрекеттері үшін жауапкершіліктен автоматты түрде босатпайды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары