РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

    1 / 4

    2026 жылғы 23 қазанда Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 25 қазан – Республика күні ұлттық мерекесі қарсаңында жас мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау рәсімі өтті.

    Салтанатты рәсім барысында жас мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға, халыққа адал қызмет етуге, өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен орындауға және мемлекет мүддесіне адал болуға ант берді.

    Іс-шарада Департамент басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл Ерлан Тұрысов жас мемлекеттік қызметшілерді өмірлеріндегі маңызды әрі жауапты қадамдарымен құттықтап, мемлекеттік қызметтегі адалдық, әділдік, кәсібилік пен жауапкершілік қағидаттарының маңыздылығын атап өтті.

    Сонымен қатар, Республика күнінің ел тарихындағы ерекше орнына тоқталып, ұжымды ұлттық мерекемен құттықтап, баршаға табыс пен толағай жетістіктер тіледі.

    Мемлекеттік қызметшінің анты – елге адал қызмет етудің, халық сенімін ақтаудың және мемлекет мүддесін бәрінен жоғары қоюдың айқын көрінісі.

    Жас мемлекеттік қызметшілерге абыройлы қызмет, кәсіби өсу және толағай табыс тілейміз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары