Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті халықаралық жүк тасымалдаушылардың назарына маңызды ақпаратты ұсынады!
2026 жылғы 9 қарашадан бастап қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасындағы «Қазығұрт», «Б. Қонысбаев» және «Атамекен» өткізу пункттерінде халықаралық тасымалдарға арналған электрондық кезек жүйесінде слотты брондау кезінде 20 АЕК мөлшерінде кепілдік сомасын енгізу міндетті болады.
Аталған талап өткізу пункттерінде жасанды кезектердің пайда болуына жол бермеу және тасымалдаушылардың жауапкершілігін арттыру мақсатында енгізіледі.
Кепілдік сомасын енгізу тәртібі:
▪️ Электрондық кезекті брондау үшін тасымалдаушының арнайы электрондық шотында 20 АЕК мөлшерінде қаражат болуы қажет.
▪️ Егер көлік құралы белгіленген уақытта өткізу пунктіне келсе, кепілдік сомасы тасымалдаушыға автоматты түрде толық көлемде қайтарылады.
▪️ Егер тасымалдаушы 90 күнтізбелік күн ішінде белгіленген уақытта өткізу пунктіне екі рет қатарынан келмесе, кепілдік сомасы қайтарылмайды және мемлекеттік бюджетке өндіріледі.
Халықаралық тасымалдаушыларға маңызды ескерту!
Тасымалдаушыларға сапарларын алдын ала жоспарлау, электрондық кезекті брондау кезінде белгіленген талаптарды ескеру және арнайы электрондық шотта қажетті қаражаттың болуын қамтамасыз ету ұсынылады.
Талаптарды сақтау өткізу пункттеріндегі кезек қозғалысын реттеуге және халықаралық жүк тасымалының тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі









