Теміржол көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік транзит мерзімі қалай анықталады?
Еуразиялық экономикалық Одақтың кеден Кодексінің 144 бабының 2 тармағына сәйкес, теміржол көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік транзит мерзімі 1 айға 2 мың километр есебінен белгіленеді, бірақ ол күнтізбелік 7 күннен кем болмауға тиіс.