Бүгін «Алатау Медиа» ақпарат алаңында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Камералдық мониторинг басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат Байдулланың қатысуымен брифинг өтті.
Брифинг барысында спикер камералдық бақылаудың мәні мен мақсатына, оны жүргізу тәртібіне, сондай-ақ салық төлеушілерге жолданатын хабарламаларды орындау мәселелеріне тоқталды.
Салық кодексінің 136-бабына сәйкес, камералдық бақылау салықтық нысандарды және салық төлеушінің қызметі туралы өзге де құжаттар мен мәліметтерді зерделеу және талдау негізінде жүргізіледі.
Спикердің айтуынша, камералдық бақылаудың негізгі мақсаты – салық төлеушіге анықталған сәйкессіздіктерді өз бетінше жоюға және салық міндеттемелерін дербес орындауға мүмкіндік беру.
Сонымен қатар брифингте:
Камералдық бақылаудың қалай жүргізілетіні;
Салықтық хабарлама келіп түскен жағдайда қандай әрекет жасау қажеттігі;
Хабарлама орындалмаған жағдайда туындайтын салдарлар түсіндірілді.
Сөз соңында Азамат Байдулла салық төлеушілерге салықтық есептілікті тапсырар алдында өзара байланысты көрсеткіштерді салыстырып, бастапқы есептердің дұрыстығын мұқият тексеруге кеңес берді.
Бұл өз кезегінде салықтық есептілікте қателіктер мен сәйкессіздіктердің алдын алуға мүмкіндік береді. перевод на русский
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









