ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ БЕРЕШЕКТЕРІН ӨНДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Дөңгелек үстелАяқталды

    ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ БЕРЕШЕКТЕРІН ӨНДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Департамент басшысы М. Нұрахаевтің төрағалығымен жеке тұлғалардың берешектерін өндіру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.

    Іс-шараға Түркістан облысының прокуратурасы, Түркістан облысының Әділет департаменті, Полиция департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ сот орындаушылары қатысты.

    Дөңгелек үстел барысында жеке тұлғалардың салықтық берешектерін өндіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелері талқыланып, берешекті өндіріп алу тетіктерін жетілдіру, мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту және проблемалық мәселелерді бірлесіп шешу жолдары қаралды.

    Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің (Салық кодексі) 190-бабының 3-тармағына сәйкес, жеке тұлға салық берешегін орындамаған жағдайда, салық органы Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен мәжбүрлеп орындату үшін салық бұйрығын аумақтылығы бойынша тиісті әділет органдарына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жібереді.

    Осыған байланысты, кездесу барысында Салық кодексінде көзделген талаптарды сақтау, салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларының тиімділігін арттыру және уәкілетті органдардың өзара іс-қимылын одан әрі жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Сонымен қатар, берешегі бар азаматтарға салықтық міндеттемелерін уақытылы орындау қажеттілігі бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту, берешекті өтеу мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру және өндіріп алу процесінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар талқыланды.

    Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар жеке тұлғалардың салықтық берешектерін өндіру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып, мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі күшейту қажеттігін атап өтті.

    Салық берешегін уақытылы өтеу – заң талаптарын сақтау және азаматтың өз салықтық міндеттемесін орындауының маңызды көрсеткіші.

    Ұқсас материалдар

    СұхбатАяқталды

    «Салық төлеушілерді тіркеу және кәсіпкерлік субъектілерін салықтық есепке қою мәселелері» тақырыбында тікелей эфир өтеді.

    Instagram әлеуметтік желісіндегі @mkd_turkistan_oblysy парақшасында«Салық төлеушілерді тіркеу және кәсіпкерлік субъектілерін салықтық есепке қою мәселелері» тақырыбында тікелей эфир өтеді. Күні: 29.09.2026 жылУақыты: 16:00 Спикер:Тұрсынханов Шахан Мұқанұлы — Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бөлім басшыс...

    Баспасөз конференциясыАяқталды

    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен Қосылған құн салығына (ҚҚС) қатысты өзгерістер тақырыбында брифинг өтеді.

    ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ БОЙЫНША ӨЗГЕРІСТЕР Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен Қосылған құн салығына (ҚҚС) қатысты өзгерістер тақырыбында брифинг өтеді.Мадияр Мансұр – Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Камералдық мониторинг басқармасы басшысының міндетін атқару...

    Рабочая поездкаАяқталды

    ЖІБЕК ЖОЛЫ» КЕДЕН БЕКЕТІНДЕГІ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

    2026 жылғы 10 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары Е. Біржанов, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Б. Слямов, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Е. Тұрысов және Сарыағаш ауданының әкімі А. Абдуллаев «Жібек жолы» кеден бекеті...