
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жаңаөзен қаласы әкімдігі жанындағы «Отбасын қолдау орталығы» КММ маманымен және Ақтау өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасының өкілдерімен бірлесіп, 30153 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен профилактикалық семинар-кездесу өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу, есірткі заттарының заңсыз айналымына жол бермеу және әскери қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
Кездесу барысында есірткі заттарын заңсыз сақтау, қолдану және өткізуге байланысты құқықтық жауапкершілік түсіндірілді. Сонымен қатар есірткі қылмыстарының алдын алу, зиянды әдеттердің адам денсаулығы мен қоғамға тигізетін кері әсері туралы ақпарат берілді.
Профилактикалық кездесуде әскери қызметшілер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан тиісті жауаптар алды.
Мұндай іс-шаралар есірткі қылмыстарының алдын алуға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және әскери ортада салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.









