
«Қазақстан колледждерінің үздік 100 студенті» байқауының жеңімпаздары анықталды. Республикалық байқау қорытындысы бойынша Шымкент қаласының студенттері үздік жүздік қатарынан көрініп, жоғары нәтиже көрсетті. Олар:
Исмаилов Асан Бахтиярович – Политехникалық колледждің студенті;
Алтай Інкәр Серікқызы – М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің студенті;
Ашимов Санжар Нұрланұлы – М.Сапарбаев атындағы «Парасат» колледжінің студенті.
Байқау еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алатын, оқу үлгерімімен қатар қоғамдық белсенділігі, кәсіби жетістіктері мен жеке жобалары арқылы ерекшеленген жастарды анықтауға бағытталған.
Шымкенттік студенттердің үздік жүздіктің қатарынан орын алуы – олардың кәсіби білімге деген қызығушылығы мен ізденісінің, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі.
Бүгінде қала колледждерінде жастардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, практикалық дағдыларын дамытуға және еңбек нарығында сұранысқа ие маман ретінде қалыптасуына бағытталған жұмыс жүйелі жүргізілуде.









