Қостанайда ер адам полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған

    Қостанайда ер адам полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған

    Қостанайда ер адам полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған

    Патрульдеу барысында полиция қызметкерлеріне «102» арнасы арқылы қаладағы қоғамдық тәртіптің бұзылғаны туралы хабарлама түскен.

    Оқиға орнына келген полицейлер алкогольдік масаң күйдегі 43 жастағы ер адамды анықтады. Ол қоғамдық тамақтану орнында ыдыс-аяқты сындырған. Полиция қызметкерлерінің мән-жайды анықтау үшін полиция басқармасына бару туралы заңды талабына ер адам бағынбаған.

    Сонымен қатар, азамат полиция қызметкеріне бағынбай, дөрекі әрі былапыт сөздер айтқан, агрессивті мінез-құлық танытып, физикалық қарсылық көрсетуге әрекет жасаған.

    Аталған факті бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен процессуалдық шешім қабылдау үшін материал жиналды.

    Полиция ескертеді: полиция қызметкерлерінің заңды талаптары орындау үшін міндетті. Полиция қызметкерлеріне бағынбағаны және қарсылық көрсеткені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделген.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары