ШЫМКЕНТТЕ КЕЗЕКТІ ЖАҢА ГҮЛЗАР АШЫЛДЫ

    ШЫМКЕНТТЕ КЕЗЕКТІ ЖАҢА ГҮЛЗАР АШЫЛДЫ

    Мегаполисте қалалық ортаны дамыту және абаттандыру бағытындағы жұмыс жалғасуда. Нұртас шағынауданы, Ақбота көшесінің бойында тұрғындарға қолайлы жағдай жасау және елдімекен аумағын абаттандыру мақсатында жаңа гүлзардың құрылысы толық аяқталды.

    Жалпы көлемі 18 соттық жердегі гүлзар аумағында тұрғындардың, әсіресе, балалар мен жастардың бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуіне арналған бірқатар нысан қарастырылған.

    Атап айтқанда, гүлзар аумағында:

    • балаларға арналған ойын кешені;
    • жастар мен тұрғындарға арналған воркаут алаңы;
    • теннис үстелі;
    • тұрғындардың демалуына арналған жайлы орындар;
    • аумақтың көркін арттыратын субұрқақ орналасқан.

    Гүлзар жергілікті тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштерін ескере отырып салынған. Сонымен қатар, аумақты таңдау барысында оның әлеуметтік маңыздылығы ескерілді.

    Жоба мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылды.

    Осылайша жаңа гүлзар тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беріп, шағынауданның көркін ажарландыра түсті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының әкімдігі" жаңалықтары