Ақтауда қоғамдық орында тазалықты бұзған азаматтарға шара қолданылды

    Ақтауда қоғамдық орында тазалықты бұзған азаматтарға шара қолданылды

    Ақтау қаласында қоғамдық тәртіп пен тазалық талаптарының сақталуына полиция қызметкерлері тарапынан бақылау жүргізілуде.
    1 қазан күні сағат 02:35 шамасында 11-шағынаудандағы Ынтымақ алаңында Оперативтік басқару орталығының бейнебақылау камераларына қоғамдық орында сыра ішіп, аумақты ластаған екі азамат түскен.
    Құқық бұзушылық жасаған 21 және 23 жастағы азаматтардың әрекеттері бейнебақылау арқылы тіркеліп, оларға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік шаралар қабылданды.
    Атап айтқанда, қоғамдық орынды ластау фактісі бойынша материал сотта қаралып, құқық бұзушыларға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.
    Сонымен қатар, құқық бұзушылық салдарынан ластанған аумақ ретке келтірілді.
    Полиция азаматтарды қоғамдық орындарда белгіленген тәртіп пен тазалық талаптарын сақтауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және қолданыстағы заңнама талаптарын бұзбауға шақырады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары