
Ақтау қаласында мектеп оқушылары арасында жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол ережелерін сақтау бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында балаларға жолдан қауіпсіз өту тәртібі, бағдаршам талаптарын сақтау, жаяу жүргіншілер өткелін пайдалану және жол бойында сақтық шараларын сақтау жөнінде түсіндірілді.
Сонымен қатар, оқушыларға жол қозғалысы ережелерін бұзудың салдары түсіндіріліп, көшеде және жол бойында барынша сақ болу қажеттігі айтылды.
🚸 Балалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік!
Жол ережесін сақтайық – өмірімізді қорғайық!









