
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің ағымдағы жылғы 26 наурыздағы №218 «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (бұдан әрі – бұйрық) сәйкес жоспардан тыс аттестаттау өткізілетінін хабарлаймыз.
Мақсаты – қызметкерлерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну үшін алдағы тоқсанға кадрлық жоспарлау.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі №773 бұйрығына сәйкес Полиция департаменті бастығының номенклатурасына жататын лауазымдарды атқаратын және жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге ниет білдірген қызметкерлер осы хабарландыру жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей Полиция департаментінің Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасына белгіленген үлгідегі баянат пен «MetaDoc» жүйесі арқылы қалыптастырылған қызметтік тізімді ұсынуы қажет.
Жоспардан тыс аттестаттауға мынадай қызметкерлер жіберілмейді:
1) басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін қызметкерлер (ҚР ІІМ-нің 2020 жылғы 12 маусымдағы №463 бұйрығы).
ПД бастығының номенклатурасы бойынша ең төменгі біліктілік талаптары:
ПД орталық аппараты – C-SVO-5 санаты;
қалалық және аудандық полиция басқармалары мен бөлімдері – C-SVR-6 санаты;
«Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшесі – C-SN-4 санаты**;
ЖҚАЖ – C-SN-7 санаты***;
ПД Кинологиялық орталығы – C-SVO-6 санаты;
Патрульдік полиция және айдауыл қызметі бөліністері – C-SSP-5 санаты.
2) қолданыстағы тәртіптік жазасы бар қызметкерлер;
3) өздеріне қатысты қызметтік тексеру немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан қызметкерлер.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда ПД Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасының идеологиялық жұмысты ұйымдастыру тобына 8 (7292) 47-50-88, 47-52-92 телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады.
Ескертпе: жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді.
ПД Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасы









