
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің нұсқамасын орындау мақсатында Бейнеу ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері білім беру ұйымында оқушылармен профилактикалық кездесу өткізді.
Іс-шараға Бейнеу ауданы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Олжас Дүйсенов және полиция аға лейтенанты Сәбит Сатыбаев қатысты.
Кездесу барысында оқушыларға суық қаруға жататын заттар, оларды заңсыз сақтау мен алып жүруге жол бермеу, сондай-ақ суық қаруды қолдануға байланысты құқық бұзушылықтардың құқықтық салдары түсіндірілді.
Полиция қызметкерлері жасөспірімдерге заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсіндіріп, құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырды.
Бейнеу ауданы Полиция бөлімі








