
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы. Ағымдағы жылдың 4 қазанында Қарақия ауданы, Жетібай ауылының Жаңақұрылыс шағынауданында орналасқан сауда нысандарының бірінде алкоголь өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген уақыттан бұрын сату фактісі анықталды.
Аталған факті бойынша кәсіпкерге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
Жиналған материалдар тиісті шешім қабылдау үшін Қарақия аудандық сотына жолданды.
Қарақия ауданының полиция бөлімі кәсіпкерлік субъектілеріне алкоголь өнімдерін өткізу кезінде заңнамада белгіленген талаптарды, оның ішінде сату уақытына қатысты шектеулерді қатаң сақтауды ескертеді.
Полиция алкоголь өнімдерін өткізу саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда.









