Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлікті 16 жасқа толған кезде алғаш рет рәсімдейді

    Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлікті 16 жасқа толған кезде алғаш рет рәсімдейді

    Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлікті 16 жасқа толған кезде алғаш рет рәсімдейді. Құжаттарды 16 жасқа толған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) тапсыру қажет.

    2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке куәлікті алғаш рет рәсімдегені үшін мемлекеттік баж алынбайды.

    Белгіленген мерзім сақталмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Атап айтқанда, жеке куәлікті рәсімдеу мерзімі бір айға дейін кешіктірілген жағдайда ескерту жасалады, ал мерзім бір айдан асқан кезде 7 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

    Ал паспортты азаматтың жасына қарамастан, оның ішінде бала туған сәттен бастап рәсімдеуге болады. Балаларға арналған паспорттың мемлекеттік баж мөлшері 4 АЕК-ті, яғни 17 300 теңгені құрайды.

    Құжаттарды рәсімдеу кезінде баланың жеке қатысуы міндетті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары