
Маңғыстау облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы Қару айналымын бақылау және табиғатты қорғау бөлімінің аға инспекторы, полиция капитаны А. Ермекбаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында рейдтік іс-шараларды жалғастыруда.
«Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны қорғауға, елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға және халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған республикалық экологиялық бастама.
Рейд барысында Ақтау қаласына қарасты Приозерный және Оймашы-1 елді мекендері аумағында белгіленбеген орынға қоқыс қалдықтарын тастау фактісі анықталды.
Аталған құқық бұзушылық бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.
Полиция қызметкерлері азаматтарды қоршаған ортаны таза ұстауға, тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға тастауға және экологиялық талаптарды сақтауға шақырады.









