КЕЛЕС: «№3 Ә. МОЛДАҒҰЛОВА АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП» КММ-ДЕ ОРЫН АЛҒАН ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАҒА ҚАТЫСТЫ ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

    КЕЛЕС: «№3 Ә. МОЛДАҒҰЛОВА АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП» КММ-ДЕ ОРЫН АЛҒАН ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАҒА ҚАТЫСТЫ ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ
    Департаменттің «Арнайы тергеп-тексеру комиссиясын құру туралы» бұйрығына сәйкес 2026 жылдың 7 қазан күні Департаменттің «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің» бас маманы Смадияр Алдияр «№3 Ә.Молдағұлова атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің жұмыскерімен болған жазатайым оқиғаға байланысты арнайы тергеп-тексеру жүргізді.
    ҚР Еңбек кодексінің "Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және есепке алу" туралы заңдылық талаптарына сәйкес жүргізілген тексеру бойынша және еңбек қатынастарындағы орын алған мәселелердің алдын-алу мақсатында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Алдияр Шаниярұлы мектеп ұжымымен кездесу ұйымдастырып, ҚР Еңбек кодексінің заңдылықтарына қатысты іс-шаралардың орындалу барысын басты назарға алу мақсатында еңбек заңнамалық талаптарына сәйкес түсіндірме берілді.
    Арнайы тергеп-тексеру барысында жазатайым оқиғаның орын алу мән-жайлары мен себептері зерделеніп, оқиғаға қатысты қажетті құжаттар мен материалдар қаралды.
    Тергеп-тексеру нәтижесінде оқиғаның себептері анықталып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуына тиісті баға берілді.
    Сонымен қатар, алдағы уақытта осыған ұқсас жазатайым оқиғалардың алдын алу, еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған тиісті шараларды қабылдау қажеттілігі атап өтілді.
    Мемлекеттік еңбек инспекторлары тарапынан еңбек қауіпсіздігі талаптарының орындалуы және жұмыс берушілердің заңнамада белгіленген міндеттерді сақтауы тұрақты бақылауда.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары