Астанада Ұлттық жоба аясында полимерлі құбыржолдар нарығын дамыту мәселелері талқыланды

    Астанада Ұлттық жоба аясында полимерлі құбыржолдар нарығын дамыту мәселелері талқыланды

    Астанада «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында полимерлі құбыржолдар нарығын дамыту және оларды энергетикалық әрі коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту барысында қолдану аясын кеңейту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

    Іс-шараға мемлекеттік органдардың, салалық қауымдастықтардың, отандық өндірушілердің, құрылыс және жобалау ұйымдарының, сондай-ақ мұнай-газ химиясы саласының өкілдері қатысты.

    Энергетика министрлігінің Мұнай-газ химиясы және техникалық реттеу департаментінің директоры Темірлан Уркумбаев отандық өнімге тұрақты ішкі сұранысты қалыптастырудың және мұнай-газ химиясы шикізатын одан әрі қайта өңдеуді дамытудың маңыздылығын атап өтті.

    Оның айтуынша, ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру өндіріс көлемін ұлғайтуға, инвестициялар тартуға және ел ішінде полимерлерді қайта өңдеуді дамытуға қосымша мүмкіндіктер береді.

    Қатысушылар су тарту, жылумен жабдықтау жүйелерінде және коммуналдық инфрақұрылымның басқа да нысандарында полимерлі құбыржолдарды қолдану перспективаларын талқылады.

    Сонымен қатар отандық өндірушілерді қолдау шаралары, полиэтилен өндірісін және оның негізіндегі өнімдерді дамыту перспективалары қаралды.

    Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша полимерлі құбыржолдар нарығын дамыту, отандық өнімнің үлесін арттыру және оны энергетикалық әрі коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту кезінде тиімді қолдану мақсатында мемлекеттік органдар, бизнес өкілдері мен салалық қауымдастықтар арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың маңыздылығы атап өтілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі" жаңалықтары