САРЫАҒАШ: «№67 Т.ТӘЖІБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП» КММ-НЕ ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

    САРЫАҒАШ: «№67 Т.ТӘЖІБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП» КММ-НЕ ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ
    Департаментпен бекітілген тексеру тағайындау актісіне сәйкес Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Төленов Мұхтар Өтегенұлы Сарыағаш ауданының білім бөліміне қарасты «№67 Т.Тәжібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-не жоспардан тыс тексеру жүргізді.
    Тексеру барысында жұмыс берушінің еңбек қатынастарын ресімдеу тәртібін сақтауы, еңбек шарттарының жасалуы және олардың заңнама талаптарына сәйкестігі, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының сақталуы, жұмыскерлерге еңбек демалыстарын беру тәртібі, еңбекақы төлеу талаптарының орындалуы, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуы зерделенді.
    Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы еңбек кодексінің заңнамалық талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы «№67 Т. Тәжібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің ұжымымен кездесу ұйымдастырды.
    Кездесу барысында тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер туралы қолданыстағы еңбек кодексінің заңнамалық талаптарына сәйкес жұмыс беруші мен жұмыскердің еңбек құқықтары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
    Еңбек заңнамасы талаптарының сақталуы – жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғаудың және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етудің маңызды кепілі.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары